Алматыда 5 мың 62 адам сот шешімімен жүргізушілік куәлігінен айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 5 мың 62 адам сот шешімімен жүргізушілік куәлігінен айрылды

Алматыда 5 мың 62 адам сот шешімімен жүргізушілік куәлігінен айрылды

Алматы полициясы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияны пайдалануда. Оны қалалық ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев бүгін баспасөз брифингінде мәлімдеді.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Қауіпсіз қала» бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша шаһарға кіреберістер мен айналма жолдар тұсына және негізгі магистралдар бойындағы 107 аймаққа жол ережелерін бұзуды тіркейтін бейнетүсірудің бағдарламалық-аппаратттық кешені орнатылған еді. Ал 14 желтоқсаннан бастап 25 аймақта бұл кешеннің 44 жылдамдық өлшеуіші мен 116 бейнекамералары жұмыс істей бастады.

«Жинақталған тәжірибені есепке алғанда жол қозғалысын бейнетехникалық бақылау жүйесі анағұрлым артты. Онда басты назар автомагистралдар қиылысындағы құқық бұзушылыққа аударылуда. Бейнебақылау адам факторының қатысуынсыз тәртіп бұзған жүргізушілердің қызыл белгіге өтуі, жылдамдық тәртібін бұзуы және тағы басқа да көптеген ереже бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді», — дейді Е. Тұрғымбаев. Оның айтуынша, жылдамдықты тіркейтін бейнебақылау құралының көмегімен 65 мың құқық бұзушылық анықталып, 248 миллион теңге айып салынды. Сондай-ақ 11 айда 256 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 3 517-сі көлікті мас күйінде басқарғандар болып отыр. Сот шешімімен 5 062 адам жүргізушілік куәлігінен айрылып, 361 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Ал өндірілген айыппұл көлемі 947 миллион теңгені құрады.