Алматыда 5 қарашада Бесшатыр қорғандарын қалпына келтіру жобасы жүзеге асырыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 5 қарашада Бесшатыр қорғандарын қалпына келтіру жобасы жүзеге асырыла бастайды

Алматыда 5 қарашада Бесшатыр қорғандарын қалпына келтіру жобасы жүзеге асырыла бастайды

Алматы. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 5 қарашада ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған жасөспірімдердің қатысуымен Бесшатыр қорғандарын қалпына келтіру жобасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 1082
Фото - Caravan.kz

«Біз көне технологиялардың көмегімен осы қорғандарды қалпына келтірмекшіміз. Яғни, оларды қолмен жинастырып, ландшафт жасаймыз. Бұл жастардың қолынан келетін шаруа», -деді М. Елеусізов.

Оның айтуынша, осыдан 50 жыл бұрын бульдозердің табанына тапталған үш бірдей Бесшатыр қорғанын қайта қалпына келтіруге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі биыл грант бөлген. «Біз онда мұражай кешенін құруды ұсынып отырмыз. Қорғандар Темір дәуірінің бастапқы кезеңіне тиесілі», — деді М. Елеусізов.

Науқанды күзгі каникул мерзімі — 5 — 13 қараша аралығына орайластыру жоспарланған. «Алтынемел» ұлттық саябағына осы жолы 30 жасөспірім барады. Оларға жатын орын, тамақ пен медициналық қызмет дайындалған. Шараға қатысушылар тек жұмыс істеп қана қоймай, саяхаттарға да шығады. Шараны ұйымдастырушылар ол жастарды қайта тәрбиелеуге орта қалыптастыруға септігін тигізеді деген пікірде. «Тек Алматы қаласында кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісі жөніндегі есепте 4 мың бала тұр. Қазақстан көлемінде олардың саны 20 мыңға жетеді», — деді М. Елеусізов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар