Алматыда 500 үй сүрілуі мүмкін: тұрғындар шағымын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 500 үй сүрілуі мүмкін: тұрғындар шағымын айтты

Алматыда 500 үй сүрілуі мүмкін: тұрғындар шағымын айтты

 

  • 5 Тамыз 2022
  • 37
Фото - Caravan.kz

Алматыда Мәдениет ықшамауданындағы 500 үй сүрілуі мүмкін, — деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарнар мәліметінше, Мәдениет ықшамауданындағы жекеменшік үйлердің орнына көпқабатты үйлер, мектеп, балабақша, аурухана салынуы мүмкін. Ал, бірнеше жыл бұрын бұл учаскелер сатылған болатын.

Мәселен, Ару Юсупованың отбасы осыдан үш жыл бұрын осы жерлердің біреуін 2,5 миллион теңгеге сатып алып, Қызылордадан көшіп келген. Олар құжаттарды рәсімдемек болғанда үйдің сүрілетінін естіген.

Осындай тұрғындардың бірі Әбдімәжит Дәулетов те үш жыл бұрын тірнектеп жинаған ақшасына жер алып үй салуға кіріскен. Баспананың кірпішін қалап болғанда құрылысты жалғастыра алмай тығырыққа тіреліп отыр. Себебі: Сәулет құрылыс бақылау басқармасының өкілдері: "үйіңіз тұрған жерге саябақ салынады" депті.

Тұрғындар үйіміз бұзылып, көшеде қаламыз ба деп қорқады. Ал жаңа жер сатып алып, құрылыс салуға ақшалары жоқ.

"Бүкіл жер сатылғаннан кейін жоспарлау жобасын неге өзгертті? Адамдар үйлерін бітіре алмай жатса, барлығын бұзамыз дейді. Қалай? Іргетасы құйылып, қабырғалары көтеріліп қойған үйді қалай бұзбақ?", — дейді тағы бір тұрғын.


Аудандық әкімдік өкілі үйлерді бұзу туралы әңгіме болған жоқ, комиссия жұмыс істеп жатыр дейді. 

"Қаланың бас жоспарына сәйкес көп үй жолдың қызыл сызығына, яғни әлеуметтік нысан салуға белгіленген орындарға түсіп тұр. Аудан әкімдігі тарапынан тұрғын үйлерді орында қалдыру мәселесі бойынша ұсыныс енгізді. Қазір қаланың урбанистика басқармасынан аудан әкімдігі мамандарымен бірге тексеру жүргізіліп жатыр", — деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертіс Бесіров.

Егер бұзу туралы шешім қабылданса, адамдарға шығынның орнын толтыруға уәде берілді. Үйлер мен жер телімдері нарықтық бағамен бағаланады.

Соңғы жаңалықтар