Алматыда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтитын жаңа сауда үйі бой көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтитын жаңа сауда үйі бой көтерді

Алматыда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтитын жаңа сауда үйі бой көтерді

Кеше Алматы қаласы Әуезов ауданында 5 қабатты, жалпы аумағы 6200 шаршы метрді құрайтын, 50-ден астам адамды жұмыспен қамтитын «Форум» жиһаз сауда үйі ашылды.

  • 7 Шiлде 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz

Аталған жаңа ғимарттың салтанатты ашылу рәсіміне келген аудан әкімі Бекқали Торғаев алдымен жиналған жұртшылықты келе жатқан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойымен, сондай-ақ, Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

«Бірлігіміз бен ауызбіршілігіміздің арқасында Әуезов ауданы бүгінде әлеуметтік-экономикалық салада зор жетістіктерге жетіп отыр. Бұл ең алдымен қала және ауданда тұрып жатқан барша азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткен жетістік», -деп атап өтті аудан әкімі.

Бүгін бұл ауданда қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейтін сауда орындары мен базарлардың орнын қазіргі заманға сай салынған сауда орталықтарымен толықтыру жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұл бірінші кезекте заман талабы, екіншіден тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыс екендігі белгілі. Осы тұста Б.Торғаев: «Біз ауданымызда жаңадан ашылған әрбір нысанға үлкен мән береміз, өйткені ол жаңа жұмыс орындары мен қалаға құйылған жаңа инвестиция екендігі айдан анық», -деді.

Аталған ғимарат З.Қабдолов көшесінің бойында «АРМАДА» сауда орталығына қарама-қарсы жерде салынған.

Соңғы жаңалықтар