Алматыда 52 елдің бизнес-мектептерінің декандары бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 52 елдің бизнес-мектептерінің декандары бас қосты

Алматыда 52 елдің бизнес-мектептерінің декандары бас қосты

Алматыда 23-ші халқаралық СEEMAN конференциясы ашылды.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 590
Фото - Caravan.kz

Мұнда Еуропа, Азия, Американың ең үздік бизнес мектептерінің басшылары бас қосты. Үш күнге созылатын конференцияда бизнес оқытудың өзекті мәселелері талқыланып жатыр.

«Девальвация келеді. Кетеді. Ел қалады. Менеджерлердің ойлау образы, экономиканы басқару тәсілі қалады. Helicopter view деген сөз бар. Тікұшақ биіктігінен қарау. Бір нәрсені аспаннан ғана көруге болады. Жауын барлық жерге бірдей жауса да, бір елде бидай өссе, екіншісінде жыңғыл өсуі мүмкін. Ол жердің тек қожайындары әр басқа. Сондықтан, біз мәселеге тікұшақтан қарағымыз келеді. Бізде не ортақ? Не өзгеше? Қандай шетелдік тәжірибені қолдана аламыз?» — деді Алматы менеджмент университетінің ректоры Асылбек Қожахметов.

Қытай-Еуропа халықаралық бизнес мектебінің вице-президенті әрі деканы Хельмут Шуттенің айтуынша, Орталық Азияда бизнес оқытудың біршама проблемалары бар. Мұнда бизнес-мектептер академиялық білім берумен айналысады. Зерттеу аз, талдау элементтері жоқ.

«Бизнес мектептер қазір өзгеріп барады. Яғни, кәсіпкерлік университеттеріне айналып барады. Бұл жағы әлі зерттелген жоқ. Ортақ бір ереже жоқ әлі. Бірақ, қайткен күнде де бизнес-мектептер өз бірегейлігін жоғалтпау керек. Мысалы, жапон бизнес мектептері басқару үрдісін керемет жетілдірді. Олар сонысымен өзгеше», — деді Х.Шутте.


Ал, қытайлық студенттер алғашқы 4 айды туған жерінде бітірсе, қалған 4 айды АҚШ-та жалғастырады екен. Осылайша Қытайда бизнес оқытудың жаһандық түрі өтеді.

Мұнда да бизнеске оқытудың теориясымен қатар практикалық жағы да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар