Алматыда 5-ші республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 5-ші республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтуде

Алматыда 5-ші республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтуде

Алматы. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры" қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен және Жаңа саясат халықаралық институтымен бірлесіп, 2009 жылдың 19-20 наурызында Алматы қаласында "Халық денсаулығы - Қазақстан байлығы" атты 5-ші республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қоғамдық қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Наурыз 2009
  • 499
Фото - Caravan.kz

Жәрмеңкенің мақсаты Қазақстандағы аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелердің шешімін табу ісіне жұртшылықты тарту, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да мемлекеттік-коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік азаматтық бастамаларына қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын дамыту және нығайту.

Жәрмеңкенің аясында Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы; коммерциялық емес ұйымдардың және жобалардың тұсаукесер-көрмесі; Әлеуметтік саясаттың, әлеуметтік серіктестіктің және коммерциялық емес сектордың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу; Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін тарату мен жетілдіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша шеберлік дәрістерін өткізу; үздік идеялар мен жобалардың тұсаукесері; марапаттау рәсімі секілді шаралар өткізіледі.

«Жәрмеңкеге қатысу арқылы қоғамымыздың жүздеген белсенді азаматы өзара ой-пікір алмасуға, жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, алуан-алуан мәселені ортаға салып, талқылауға, жаңа серіктестер табуға мүмкіндік алады»,- делінген қор хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне
гипер
сілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Перейти к новостям спорта