Алматыда 60-тан астам ата-анаға балаларына қарамағаны себепті айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 60-тан астам ата-анаға балаларына қарамағаны себепті айыппұл салынды

Алматыда 60-тан астам ата-анаға балаларына қарамағаны себепті айыппұл салынды

Алматыда «Жұмыссыз отырма» акциясының барысында қараусыз жүрген 64 баланың ата-аналарына Т7560-15120 (5-10 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, деп жұма күні қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 627
Фото - Caravan.kz

«23 сағаттан соң көше қаңғырып жүрген 60-тан астам жасөспірім полиция бөлімшесіне әкелінді (ата-аналары ескертіліп және 5 АЕК шамасында айыппұл салынды) және 4 бала көңіл көтеру мекемелерінен ұсталды (ата-аналары ескертіліп және 5-тен 10 АЕК шамасында айыппұл салынды)», — деп ІІД қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастық орынбасары Айгул Шөпшекбаева мәлім етті.

Еске салсақ, республикалық «Жұмыссыз отырма» акциясы Алматыда шілденің 11-15 аралығында өтті. Ол жазғы демалыс уақытында кәмелетке толмағандар, оның ішінде сәтсіз отбасында тәрбиленіп, ІІБ есебінде тіркеуге алынған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы бағытталған.

«Шара барысында бос уақыты қалай болса, солай өтіп жүрген 50 жасөспірім анықталды. Олардың 36-сы «Шекарасыз жастық шақ» ҮЕҰ арқылы «Келешек» лагеріне жіберілді, 15 жасөспірім аулалық спорт клубтарына, спорттық секция жұмыстарына тартылды», — деді А. Шөпшекбаева.

ІІД мәліметтерінше, акция барысында 38 қараусыз бала анықталып, олар бейімдеу орталықтарына орналастырылды.

Қазіргі кезде 905 кәмелетке толмаған есепте (полицияда – ҚазТАГ) тұр. Олардың бос уатын ұйымдастыру үшін әкімшілік 120 млн теңге бөлген. Қазіргі кезде есепте тұрған 192 және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 1642 бала қала сыртындағы лагерлерде тынығып жатыр. Мектеп жанындағы тегін спорт секцияларына 8 мыңнан астам оқушы және аулалық клубтарға 4500 оқушы тартылды», — деп атап көрсетті А. Шөпшекбаева.

ІІД кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекция мәліметтерінше, жазғы маусымда 143401 бала әр түрлі шаралармен, оның ішінде экскурсиялармен, саяхаттармен т.б. қамту жоспарланған. Бүгінге 67 565 жасөспірім қамтылған.

«Жұмыссыз отырма» акциясы басталғалы 14 сәтсіз отбасы анықталды. 3 ата-анаға қатысты ата-аналық құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Барлығы Алматы бойынша 1000-нан астам сәтсіз отбасы және оларда 1300 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатқандығы анықталды, делінген хабарда.

Соңғы жаңалықтар