Caravan Logo

Алматыда 640 үй көгілдір отынсыз қалды

Алматыда  640 үй көгілдір отынсыз қалды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Оқиға 1 маусым күні кешқұрым Медеу ауданында болды. Соқтығысу салдарынан орташа қысымды торабта 325 мм. көлемде тесік пайда болған, абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бірақ жақын маңдағы 640 жер үй көгілдір отынсыз қалды.

Апатты-құтқару жұмыстарын «Алматы газ желілері» ЖШС бүгін таңертең бастауды жоспарлап отыр.