Жарияланды: 400

Алматыда 68 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен екі сот үкімін орындатушы ұсталды

Алматы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісу аудандық екі сот үкімін орындатушыны пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бір сот үкімін орындатушыға акционерлік қоғамдардың бірінің пайдасына 10,660 млн. теңге көлемінде қаржы өндіріп алу туралы атқару қағазы берілген. Өзінің бір әріптесімен ауыз жаласқан ол ақша өндіріп алынуы тиіс әйелден 1000 доллар талап етеді. Оның орнына сот үкімін орындатушылар атқару қағазы бойынша қаржы талап етіп іс жүргізуді доғарамыз деп уәде берген. 21-қаңтарда жеке нотариустың жұмыс бөлмесінде сот үкімін орындатушылардың бірі әйелден параның бір бөлігі болып табылатын 68 мың теңгені несие туралы келісім-шартын рәсімдеу арқылы алған. Сот үкімін орындатушылар бұдан кейін де 500 АҚШ долларын талап етіп, әйелді қорқытуды доғармайды. Бұл ақшаны олар іс жүргізу тоқталығаннан кейін беруді бұйырады. Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, пара алған күдіктілер ұсталып, айғақ-заттар алынды. Тұтқындарды қамауға алу туралы шешім шығарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін