Алматыда № 6-шы кәсіптік лицей Президент күнін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда № 6-шы кәсіптік лицей Президент күнін атап өтті

Алматыда № 6-шы кәсіптік лицей Президент күнін атап өтті

Тұңғыш президент күнін бүгін Алматыда №6-шы кәсіптік лицей ұжымы да атап өтті. Оқу орнының қабырғасында түрлі сайыстар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мыңнан астам шәкірт тәрбиелеп отырған лицей жоғары білікті маман даярлауда да алдына жан салған емес. Осымен үшінші жыл үздіктер қатарынан табылып отыр.

  • 1 Желтоқсан 2012
  • 385
Фото - Caravan.kz


Тамара Шакирова, №6-шы кәсіптік лицейдің директоры:

— Біз республика бойынша алдыңғы қатардағы білім ордасымыз. Ең үздік техникалық мекеме дәрежесін 3-ші жыл қатарынан алып келдік. Әрине осындай атаққа ие болып отырған соң біздің түлектерге сұраныс та көп.

Құрылғанына 33 жыл болған лицейде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақта әр сыныпқа қойылса, шәкірттердің қолында бір-бір ноутбук. Әрі студенттер еңбек тәжірибесін алысқа бармай-ақ өз оқу орнында өте алады. Көлік жүргізіп, түрлі станокпен жұмыс істеуді үйренетін білікті оқытушылар да жеткілікті. Жаңа жылдан кейін колледж дәрежесін алатын оқу орны білім сапасынын жоғарылай түсетініне сенімді.