Озық ойлы ұл-қыздар медицина, экономика және жаңа технология саласында жеткен жетістіктерін көпшілікке паш етті. Бірі бағдаршамның жаңа түрлерін жасап әкелсе, енді бірі жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресудің ғылыми әдісін ойлап тапқан екен. Жас ғалымдар сондай-ақ, конференция барысында ТМД елдеріндегі әріптестерімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Шара екі күн бойы жалғаспақ. Ал жиын соңында еліміздің ең үздік жас ғылыми кеңесшісі анықталып, марапатталады.