Алматыда 95 жастағы кейуананың жүрегіне операция жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 95 жастағы кейуананың жүрегіне операция жасалды

Алматыда 95 жастағы кейуананың жүрегіне операция жасалды

Алматыда 95 жастағы кейуананың жүрегіне операция жасалды. Жедел миокард инфаргі деген диагноз қойылған әжей 2 шілде күні қалалық кардиохирургия орталығына жеткізілген. Дәрігерлер алғашында қария операция жасатуға қарсылық білдіре ме деп алаңдады. Алайда ол бірден емге көніпті, қазір беті бері қараған.  Қария  орталықта операция жасатқан ең егде жан болып тіркелді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 641
Фото - Caravan.kz

Құрбангүл әжей шіліңгір шілденің екісінде кардиология орталығынан жанына араша сұрап келген. 1917 жылы 1 қарашада туған қарияның жігері жүрек операциясынан жасымады. Әжей қазір қалпына келді. Сырқат меңдеген тәні түзеліп, реңі кіріп қалыпты. Ғұмыр жасын 95-ке толтырса да, сөзі нық, қимылы ширақ.

Құрбангүл Гаитова:

Операцияға  келісім бердім, сұрады, «операцияға келісесіз бе деп. Ойлап-ойлап,келістім. Қарасам,тағы 2-3 жыл  өмірім бар,  95-тен кетсемде,тағыөмір сүргім келеді.  Өмірім болса,тұрармын.Болмаса.өліп кетермін.

Мұнда күніне 60 адам әупірімдеп, қолын кеудесіне қойып келеді. Тек соның 20-ның жанды жеріне операция жасалады. Ем-дом су тегін. Жүрек қысып, миокард инфаргі меңдегендеадамға 90 минут ішінде операция жасалуы керек. Ал дер кезінде келген Құрбангүл әжейдікі 20 минутқа ғана созылды.

Оразбек Сахин, Алматы қаласы Кардиология орталығы рентген-хирургия бөлімінің меңгерушісі:


—  Тамырдың ішін кеңейтіп, тарылып тұрған жерін, ішіне жіңішке металл стенд салдық.
Пружина тәрізді. Ол тамырдың ішкі жағын кернеп ұстап тұрады. Қайтадан жабылып қалуына жол бермейді.

Жасалған операция тәнге тыртық салмайды, пышақ тимейді. Қолдағы қан тамырынан денеге енгізілетін жіңішке құрылғы жүрекке дейін жетеді. Сол жерде сырттан басқарылады. Науқас ұйықтамайды, алайда техниканың дамығаны соншалық, түк те сезбейді екен.

Құрбангүл Гаитова:

 Өзімді емдеген балаларға Құдай өмір берсін деймін. Бірінші Құдайдың, екінші осылардың арқасында тәуір болдым ғой.   

Жүрек дейтін жарықтықтың ең жанды жерде жағаға жармасатыны жаман. Сондықтан ауырмаудың жолын таппағандардың ем іздегеніабзал, сырқатын жасырғанның жазым болатыны және бар.  

Соңғы жаңалықтар