Алматыда адам өліміне әкелген ірі жол көлік апаты болды - Алматы ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда адам өліміне әкелген ірі жол көлік апаты болды - Алматы ІІД

Алматыда адам өліміне әкелген ірі жол көлік апаты болды - Алматы ІІД

Алматыда өткен аптаның соңында адам өліміне әкеп соққан жол көлік оқиғасы орын алды, деп мәлімдейді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 25 Шiлде 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz

«HOWO» маркалы жүк көлігі Достық көшесімен солтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатқан. М.Оспанов көшесінің қиылысына келгенде ауыр жүгі бар жүргізуші көлігін игере алмай жол жиегінде тұрған «Ауди» көлігіне соғылған. Қатты соққы екпінімен жүк көлігі тоқтай алмай, аялдамада тоқтап тұрған екі жолаушы автобусына барып соғылған.

«Осы уақытта аялдамада жас жігіт болған. Қатты соққының нәтижесінде ол өкінішке орай сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ орын алған үлкен апаттан 25 жасар жүк көлік иесі де сол жерде жан тапсырды», — дейді Алматының ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, полковник Арман Сарбасов.

Мамандардың пайымдауынша, бұл қайғылы оқинаға жүк көлігінде туындаған техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Естеріңізде болса, 2009 жылы Алматыда «HOWO» маркалы ауыр жүк көлігі адамдарды қағып өлтірген болатын. Сол кезде полицейлер жүк көлігінің техникалық басқаруында ақау болды деп тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар