Алматыда адамдардан аса ірі көлемде ақша алдап алған алаяқ әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда адамдардан аса ірі көлемде ақша алдап алған алаяқ әйел ұсталды

Алматыда адамдардан аса ірі көлемде ақша алдап алған алаяқ әйел ұсталды

9-қыркүйек күні кешкі сағат 20 шамасында Алматыда полицейлер "Сенім-7" ЖШС-де "Саламат" базарындағы ақша айырбастау бөлімшесінде кассир болып істейтін 1966-жылы туған әйелді тұтқындады. Оған адамдардан аса ірі көлемде ақша алдап алған деген айып тағылып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 476
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, мамыр және қыркүйек айлары аралығында әлгі күдікті А есімді азаматшаның сеніміне кіру арқылы оның 25 мың доллар көлеміндегі қаржысын алдап иемденіп кеткен.

Сондай-ақ, 2003-жылдың маусым және қыркүйек айлары аралығында ақша айырбастау бөлімшесінің кассирі «Түркуаз» ЖШС-нің қызметкері, Б есімді азаматшадан 3 млн. 680 мың теңге қарыз алып, берешегін сол күйінде қайтармай қойған. Сондай-ақ, «Сенім-7» ЖШС-нің директоры да өз қоластындағы жұмысшысының алдауына ұшыраған.
Полицейлердің айтуынша, ақшаны алдап алу амалы өте қарапайым : ол өз құрбандарын алған ақшаны айналымға енгізіп, қысқа мерзімде өсімімен қайтарамын деп қулығын асырған. Ол осы орайда қаладағы танымал банк басшылары мен ірі фирмалардың директорларын өзінің танысы ретінде атап, міндетті түрде мол табысқа кенелетінін айтып сендіре білген. Полицейлердің бағалауынша, күдіктінің адамдарды өзіне иландыру қабілеті адам таңдандырады.
Қазір күдікті уақытша тергеу қапасына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар