Алматыда әдебиеттанудан халықаралық конференцияда қазақ әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әдебиеттанудан халықаралық конференцияда қазақ әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып жатыр

Алматыда әдебиеттанудан халықаралық конференцияда қазақ әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып жатыр

Алматыда «Әдебиеттанудың, өнертанудың және фольклористиканың қазіргі кезеңдегі маңызды проблемалары» халықаралық ғылыми-теоретикалық конференциясында қазақ әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып жатыр. Шара Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына және М. О. Әуезов ат. әдебиет пен өнер институтының құрылғанына 50 жыл толуына арналған.

  • 27 Қыркүйек 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

«Проблемалар көп. Қазір кейде зерттеу әдебиеті тарихтану базасынан озып кеткен жағдайлар бар. Көптеген фольклорлық жазбалар жарияланбай қалады. Бірінші міндет – фольклорлық мәтіндерді көптеп жариялау, өйткені біздің ғылымға көзқарасымыз осыған байланысты», — дейді М. Горький ат. әлем әдебиеті институтының бас ғылыми қызметкері Валентина Бахтина сейсенбі күні конференцияда.

Өз кезегінде Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов «халықаралық тәжірибемен байланыс болмаса, қазақстандық әдебиет дами алмайтынын» айтты. Ресей мен Қазақстан ғалымдары «екі елдің арасындағы мәдени және шығармашылық дәстүрлер бұзылмаған» деп есептейді.

«Қазақтың әдебиеттану мен музыка білімі әлемнің негізгі үрдістерімен қатар дамуда. Қазақ өнері әлем сахнасында лайықты көрініс тапты», — дейді М. Әуезов ат. әдебиет пен өнер институтының әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева.

Конференцияға, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Түркия, Корея, Өзбекстан мен Қырғызстан ғалымдары қатысуда, ол әдебиеттану және өнертану ғылымдарының маңызды проблемаларына арналған баяндамалар жасайды.

«Бұл шара 4 атаулы датаға арналып отыр: институттың құрылғанына және оған Мұхар Әуезовтың есімі берілгеніне 50 жыл толуына, Әуезов шығармаларының 50 томдық жинағының басып шығарылғанына және оның өмірлен озғанына 50 жыл толуына», — деді С. Сейдуманов.

Оның айтуынша, М. Әуезов шығармаларының 50 томдық толық академиялық жинағының тұсаукесері 28 қырқүйекте өтеді. 50 томдыққа бұрын жарияланбаған қолжазбалар, пьесалар, хаттар мен пікірлер енгізілді.

Перейти к новостям спорта