Алматыда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, артынан өзі секірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, артынан өзі секірді

Алматыда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, артынан өзі секірді

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 1256
Фото - Caravan.kz


Алматыда жантүршігерлік оқиға болды, — деп хабарлайды khabar.kz.

 Бүгін таңертең сағат 9 шамасында әйел адам бесінші қабаттың балконынан екі баласын лақтырып жіберген. Артынша әйелдің өзі де секіріп кеткен. Оқиға Алматы қаласындағы Сәтпаев пен Бауман көшелерінің бірінде болды.
Куәгерлердің айтуынша, баланың бірі мектеп жасындағы қыз бала болса, екінші қыз бала екі жас шамасында. Әзірге әйелдің мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.
  Оқиға орнында криминалистер тобы жұмыс істеп жатыр.
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша,  балконнан тасталған екі қыздың бірі 10-11 жас шамасында. Ол оқиға орнында жан тәсілім етті.
Ал екі жас шамасындағы екінші қыз бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Ал балаларын лақтырып, артынан өзі секірген әйел Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түсті.
әЕкі науқастың қаншалықты ауыр жарақат алғаны дәрігерлер консилиумынан кейін белгілі болады" — дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Автор: Ұлан Нарынбек

Соңғы жаңалықтар