Алматыда әйел ұрлығына, рэкетке және адам өлтіруге қатысы бар түрмеден шыққандар тобы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әйел ұрлығына, рэкетке және адам өлтіруге қатысы бар түрмеден шыққандар тобы құрықталды

Алматыда әйел ұрлығына, рэкетке және адам өлтіруге қатысы бар түрмеден шыққандар тобы құрықталды

Алматы полицейлері 1,5 ай дегенде жұмыссыз әйелді ұрлап әкетіп, оның туыстарынан ақша талап еткен және ұрлаған әйелді өлтірген түрмеден шыққан қылмыскерлер тобын ұстады, деп агенттікке құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.

  • 6 Шiлде 2011
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Олардың барлықтары жұмыссыз Алматы тұрғындары. Олардың барлығы бұрын сотталғандар. Екеуі 24 және 22 жастағы азаматтар бұрын ұрлығы үшін сотталып шықса, үшіншісі – 22 жасар – адам ұрлағаны үшін сотталып шыққан», — деді сұхбатшымыз.

Олардағы мәлімет бойынша, дәл осы топ 20 мамырда 35 жасар жұмыссыз әйелді ұрлап әкетіп, оның анасынан $10 мың талап етіп, кейін ол әйелді өлтіріп кеткендігі туралы полицияда бұлтартпас дәлелдер бар екен.

Дереккөздің айтуынша, қазір қамауға алынған фигуранттарды ұстау қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарма қызметкерлерінің кешенді жүргізген оперативтік — шаралар барысында мүмкін болған.

Соңғы жаңалықтар