Алматыда әйгілі қытай суретшісі Цинь Байланның көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әйгілі қытай суретшісі Цинь Байланның көрмесі ашылды

Алматыда әйгілі қытай суретшісі Цинь Байланның көрмесі ашылды

Алматыда Мемлекеттік Орталық мұражайда әйгілі қытай суретшісі Цинь Байланның «Ежелгі қытай аруларының бейнелері» атты көрмесі ашылды.

  • 18 Тамыз 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

Орталық мұражай мен Алматы қаласындағы ҚХР Бас консульдығының ұйымдастыруымен ашылған көрмеге суретшінің 40-қа жуық өнер туындысы қойылды.

Цинь Байланның туындыларының басты бағыты Қытай тарихындағы әйгілі әйелдер және қытай классикалық әдебиет туындылары мен романдарындағы аңызға айналған әйелдер тұлғалары болып табылады. Оның картиналары нақыштылығымен, нәзіктігімен, айшықтылығымен, сұлулығымен, сыпайылығымен ерекшеленеді.

Көрмені Орталық мемлекеттік мұражай директорының орынбасары Рамазан Хасенов ашты. Өз сөзінде ол Цинь Байланның шығармашылығындағы әйел бейнесі мен рөлін, жалпы қытай өнерінің әдемілігін атап өтті.

Шараның ашылу салтанатында сонымен қатар, ҚХР Бас консулдығының Алматыдағы уақытша өкілі Ло Шисюн және Қытай елінің халық суретшісі Цинь Байлань сөз сөйледі. Олар бұл шараның екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуда үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.

Шара барысында қытайдың әйгілі суретшісі Цинь Байлань өз өнерін көрсетті. Ол ниет білдірушілердің барлығына 3-4 минут ішінде портреттерін салып берді.

Осылайша барша жұртты шеберлігімен таң қалдырды.

Көрменің ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда танымал күйші Нұрғиса Дәуешов, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетті.

Бір күннің ішінде көрмені 700-ден аса адам тамашалады. Қонақтардың ішінде Алматы қалалық Мәдениет басқарамасының, Украина, Ресей, Литва Бас консулдығы мен Елшілігінің өкілдері, суретшілер мен өнертанушылар болды.

Перейти к новостям спорта