Алматыда әйгілі түрік пианисі Гүлсін Онайдың жеке концерті болады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әйгілі түрік пианисі Гүлсін Онайдың жеке концерті болады

Алматыда әйгілі түрік пианисі Гүлсін Онайдың жеке концерті болады

Алматыда 26 қазанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ҚР Тәуелсіздігі мен қазақ-түрік қарым қатынасының 20 жылдығына орай Түркия Республикасының халық артисі, пианист Гүлсін Онайдың жеке концерті болады.

  • 11 Қазан 2011
  • 611
Фото - Caravan.kz

Президенттік симфония оркестрінің солисі, Билькент университеті артисінің бұл концерті одан кейін 26 қазанда Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жалғаспақ. Оны Қазақстандағы Түркия елшілігі мен Қазақстан-Түркия іскер адамдар қоғамы ұйымдастырып отыр.

3,5 жастан бастап музыкамен шұғылдана бастаған Гүлсін Онай 6 жаста алғашқы концертін фортепианомен Түрік радио және теледидар қоғамының Ыстамбұл радиосында берді. 12 жасынан бастап оқуын Францияда жалғастырған ол 16 жасында Париж консерваториясының жоғарғы бөлімін фортепиано бойынша алған алғашқы жүлдесімен бітіріп шыққан болатын. Маргарита Лонг, Жак Тибо (Париж) және Ферручио Бускони (Бользано) атындағы және тағы басқа да көптеген халықаралық байқауларда жүлдегер атанған Г. Онайдың 20-ға жуық альбомы жарық көрді. 1987 жылы «Мемлекеттік өнер адамы» атағын, 1988 жылы Богазичи университетінің, 2007 жылы Хаджеттепе университетінің құрметті докторы атақтарын алды. Түркияда және шетелдерде көптеген қайырымдылық концерттерін бергені үшін 2003 жылы ЮНИСЕФ-тің Түркиядағы ұлттық комитеті тарапынан «Ерікті ізгі ниет елшісі» атанды. 2007 жылы «Севда-Дженап және музыка» қорының алтын белгісімен, ал биыл классикалық музыка саласында «Ең үздік пианист» ретінде Доницетти атындағы сыйлықпен марапатталды. Оның Майамидегі фортепиано фестиваліндегі жеке концертін американдық VAI фирмасы «Gülsin Onay Live in Recital» деген атпен биыл ақпанда, ал Григ және Сен-Санс концерттерін 2009 жылдың наурыз айында «Gülsin Onay in Concert» деген атпен жарыққа шығарды.

Перейти к новостям спорта