Алматыда айналасы бір сағаттың ішінде екі бірдей қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірімдер тобы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда айналасы бір сағаттың ішінде екі бірдей қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірімдер тобы ұсталды

Алматыда айналасы бір сағаттың ішінде екі бірдей қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірімдер тобы ұсталды

Алматыда айналасы бір сағаттың ішінде екі бірдей қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірімдер тобы ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 398
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, таңғы сағат бестер шамасында 34 жастағы бір жігіт полицияға қоңырау шалып, «Сайран » автовокзалының маңында беймәлім алты адам өзіне пышақ көрсете қорқытып тері тоны мен 60 мың теңгесін тартып алғанын хабарлады. Күзет экипажы шабуыл болған ауданды аралап қылмыскерлерді іздестіріп жатқан кезде Орталық шұғыл басқару пультіне тағы да осындай хабар келіп түсті. Бұл жолы 20 жасар Алматы тұрғыны шабуыл құрбанына айналып, өз үйінің ауласында жастардың бір тобы оған пышақ көрсетіп сырт киімін шешіп алған. Шабуылшылардың сыртқы бейнесі алдыңғы оқиғамен бірдей болып шыққан.

Сөйтіп, жарты сағаттан кейін күзетшілер экипажы күдіктілер тобын қолға түсірді. Шабуылшылардың барлығы да осында Жамбыл, Алматы облысы және Семей қаласынан келгендер екен. Олардың ішіндегі ең кенжесі 17 жаста.
Зардап шегушілер тонаушыларды бірден таныды. Күдіктілер түгелдей Әуезов аудандық ІІБ-на жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің қарақшылық жөніндегі 179-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу басталды.