Арыққа сыймай аққан су жаяу жүргіншілер жолы мен баспалдақтарды да алып кеткен. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, бұл жағдайдың биылғы жылу маусымына еш қатысы жоқ. Су — құбырлардың жарылуынан емес, әкімдік алдындағы арықтың дер кезінде тазаланбауынан көшеге жайылыпты.