Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

  • 9 Ақпан
  • 1
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсекеевтің айтуынша, бұл бағыттағы негізгі басымдықтар Smart City Алматы қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму стратегиясында және әкімдіктің цифрлық трансформация жол картасында айқындалған.

Аталған бастамалар аясында интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Қазіргі уақытта қаладағы қоғамдық көліктер бейнебақылау камераларымен және GPS жүйелерімен толық жабдықталған, ал жолақыны төлеуде ONAY бірыңғай электронды жүйесі қолданылады.

Алдағы уақытта жолаушылар үшін жолақыны банктік карталар, Apple Pay және Samsung Pay сияқты электронды төлем құралдары арқылы төлеу мүмкіндігі енгізілмек.