Алматыда Әлемдік банктің ұйымдастыруымен ауылдарда шағын несие беру үрдісін дамытуға арналған конференция өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Әлемдік банктің ұйымдастыруымен ауылдарда шағын несие беру үрдісін дамытуға арналған конференция өтуде

Алматыда Әлемдік банктің ұйымдастыруымен ауылдарда шағын несие беру үрдісін дамытуға арналған конференция өтуде

Алматыда ауылдарда шағын несие беру үрдісін дамытуға арналған екі күндік бас қосу басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шараны ұйымдастырушы Әлемдік банктің Орталық Азия аймақтық өкілдігінен хабарлады.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 558
Фото - Caravan.kz

Конференцияға микрокредиттік ұйымдардың, коммерциялық банктердің, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, индустрия және сауда министрлігі тәрізді мекемелер мен басқа да мемлекеттік және бейресми ұйымдардың өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, оған Әлемдік банктің, БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы жөніндегі агенттігінің, Азия даму банкінің, екі жақты ынтымақтастық жөніндегі ұйымдардың өкілдері қатысады.

Ауылдарда шағын несие беру үрдісін дамытуға арналған бұл конференция жекешелендіру сатысын басынан кешірген ауылшаруашылығына қолдау көрсету жөніндегі Әлемдік банк тарапынан қаржыландырылып отырған жобаны екінші кезеңге дайындауға қолұшын беру үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл жобаның басты мақсаты — фермерлер мен шағын ауылдық кәсіпорындардың коммерциялық сипатағы қаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін болашағы бар ауылдық кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Ол үшін ауыл тұрғындарына ақыл-кеңестер беру қызметінің желісін ұлғайту, ауылшаруашылығындағы тәуекелділіктерді басқару жөніндегі бастамаларға қолдау көрсету, ауылдардағы қаржылық мүмкіндіктерді арттыру үшін коммерциялық банктер мен лизингтік компанияларда жаңаша қаржылық құралдарды қолданысқа енгізуге ықпал жасау, сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ең кедей бөлігіне қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі ауылдағы микрокредиттік жобаларды қолдау жұмыстары жоспарланды.
Бас қосуға қатысушылар ауыл тұрғындарының қаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру, еліміздегі шағын несие беру саласын нығайту, еліміздің банк секторымен байланысты дамыту мәселелерін де сарапқа салады. Сондай-ақ, Қазақстанның шағын несие беру жөніндегі қауымдастығын құру мүмкіндіктері тәптіштеліп, ауылдарда шағын несие беру үрдісін дамытудың экологиялық және әлеуметтік мән-жайы жан-жақты сарапталмақшы.

Соңғы жаңалықтар