Caravan Logo

Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысы басталды

Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысы басталды

Хатшылық жұмысына әлемдегі түрлі конфессиялар мен діни ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Бұл отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің тақырыбы мен күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды талқылау көзделіп отыр. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің қорытынды құжаттарын белгілеу және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруға, хатшылықтың VII отырысының хаттамасын қабылдауға қатысты мәселелер қаралатын болады.