"2008 жылдың 3 қазанынан бастап Әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысындағы қозғалыстың басымдығы өзгертілді", -деп хабарлайды басқарма.
"Бұдан былай Әл-Фараби даңғылы бойынша батыс бағытта Навои көшесіне солға қарай, ал солтүстікке қарай Навои көшесінен солға Әл-Фараби даңғылына бұрылу негізгі жол болмақ", - деп хабарлайды басқармадағылар.
Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында ( Бағанашылға қарай айналғанда) "Жолақтар бойынша қозғалыс бағыты" деген белгі қойылды.