Алматыда Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады (толық нұсқасы)

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады (толық нұсқасы)

Алматы. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Әл-Фараби даңғылының Бағанашыл ауылына айнала беріс бөлігінен Гагарин көшесіне дейінгі тұсы қазанның 23 мен 25 аралығында жабылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қазан 2008
  • 547
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Гагарин көшесімен жоғары өрлей келе Әл-Фараби даңғылына (Навои көшесіне қарай) және Әл-Фараби даңғылынан Гагарин көшесіне қарай бұрылуға болады. Сондай-ақ, Бағанашыл ауылынан Әл-Фараби даңғылына қарай (Марков көшесіне қарай) және Әл-Фараби даңғылынан Бағанашыл ауылына қарай бұрылатын жол ашық болады.

Алматы қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасы жүргізушілерден «жүретін жолын алдын-ала түзетіп, аталған жабық бөлікті айналып өтуді» сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар