Алматыда алғаш рет халал тағамдар жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда алғаш рет халал тағамдар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда алғаш рет халал тағамдар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда тұңғыш рет ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған ХАЛАЛ өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қараша айының 11-12 күндері Алматы орталық мешітінің ауласында ұйымдастырылады.

  • 4 Қараша 2016
  • 1261
Фото - Caravan.kz

Жәрмеңкеге ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған 30-дан астам компания өкілдері өз өнімдерін қояды. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар және азық-түлік өнімдері. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспалар да аталмыш жәрмеңкеге қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бөлім 2014 жылы қазан айында құрылып, осы күнге дейін 70-ке жуық кәсіпорынға халал сертификатын берді.