Алматыда алғаш рет Олег Меньшиковтың театрлық серіктестігінің қайырымдылық қойылымдары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда алғаш рет Олег Меньшиковтың театрлық серіктестігінің қайырымдылық қойылымдары басталды

Алматыда алғаш рет Олег Меньшиковтың театрлық серіктестігінің қайырымдылық қойылымдары басталды

Бүгін Алматыдағы Наталия Сац атындағы жастар мен балалар театрында Олег Меньшиковтың «814 театр серіктестігінің» «Ойыншылар» деп аталатын қойылымы көрсетілуде.

  • 14 Қазан 2011
  • 741
Фото - Caravan.kz

Бұл шараны Қазкоммерцбанк пен «Құс жолы» қайырымдылық қоры ұйымдастырған болатын. Ертең олар енді «1990-шы» деген қойылымды ойнамақ. Одан түскен қаражат церебералды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған Қазақстанның 20 қаласындағы сауықтыру орталықтарын жабдықтауға жұмсалады.

«Алматының атмосферасы мен көрермендері ерекше. Театрлық қойылымдардан бірінші боп «1900-шы» іспеттес қиын моноспектаклді алып келдік. Біздің қойылымдарымыздың қайырымдылық сипат алғаны қуантады. Шығармашылығымыз көрермендерімізді қуантып қана қоймай, ауру балаларға өз пайдасын тигізетінін білу, бізге екі есе қуаныш сыйлайды», — дейді Олег Меньшиков.

Жалпы «Құс жолы» қайырымдылық қоры жыл сайын өтетін «Дәрігер Аяз ата» акциясына биыл шамамен 15 миллион теңге аударуды жоспарлап отыр. Бұл соманың бір бөлігі Алматыда 13-15 қазанда өтетін «Ойыншылар» және «1900-шы» қойылымдарына сатылған билеттерден түседі. Ал қалған бөлігі церебералды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған сауықтыру орталықтарын бұлшық ет пен дене буындарын дамытатын арнайы жаттығу құралдарымен жабдықтауға жұмсалмақ.

Перейти к новостям спорта