Алматыда алты адам белгісіз заттан уланып, бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда алты адам белгісіз заттан уланып, бір адам қаза тапты

Алматыда алты адам белгісіз заттан уланып, бір адам қаза тапты

Алматыда алты адам белгісіз заттан уланып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-нан хабарлады.

  • 28 Ақпан 2005
  • 507
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, Алматының Әуезов ауданы Құрылысшы ауылындағы бір жеке меншік үйдің есігінің алдындағы кілемнің астына белгісіз біреулер сары түсті беймәлім сұйық затты төгіп кеткен. Зат өсімдік тектес болуы мүмкін деп танылуда. Соның салдарынан үйдегі әйел қайтыс болды. Тағы бес адам, соның ішінде 4-15 жас аралығындағы төрт бала түрлі деңгейде уланған. Жедел жәрдем ауруханасындағы тексеруден кейін зардап шегушілер үйлеріне жіберілді.

Алматы қалалық СЭС-тің мәліметіне сәйкес, қазір алынған заттың сынамасы тексеріліп жатыр. Оқиғаны тексеруге Алматы қалалық прокуратурасы да кірісті.
KZ-today тілшісіне күш құрылымдарындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, қолданылған зат хлорпикрин болуы мүмкін. Ол — көзден жас ағызғыш және тұншықтырғыш әсері бар, жауынгерлік емес, уландырғыш зат. Әдетте, хлорпикрин противогаздарды тексеруде қолданылады. Қатты қыздырған кезде хлорпикрин жауынгерлік уландырғыш зат — фосгенге айналып ыдырайды. Осыған байланысты бұл заттың айналымы қатаң регламенттеледі.

Перейти к новостям спорта