Алматыда «Алтын Күз» бал фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Алтын Күз» бал фестивалі өтеді

Алматыда «Алтын Күз» бал фестивалі өтеді

Алматыда қарашаның 25 - 27 -сі аралығында «Алтын күз» бал фестивалі өтеді.

  • 22 Қараша 2011
  • 639
Фото - Caravan.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Медеу ауданы әкімшілігінің және «Бал-Ара» қазақстан омарташыларының ұлттық одағының ұйымдастыруымен өтетін фестивальге Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан 40-қа жуық омарташылар қатысады. Әр өңір өз өнімдерін Абдуллин көшесі мен Гоголь көшесінің қиылысындағы жәрмеңкеде ұсынатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің егемендік алған жылдарындағы бал шаруашылығының жеткен жетістіктері мен табыстарын көрсету мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында өткізілмек.

Шара барысында «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты мерекелік концерт, сән үлгілері көрсетілімі, сондай-ақ, түрлі сайыстар мен ойындар ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, фестиваль аясында «Қазақстан Республикасындағы омарташылық саласы. Қазіргі жағдайы мен дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілетін болады.

Перейти к новостям спорта