Алматыда америкалық деректі кино фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда америкалық деректі кино фестивалі өтеді

Алматыда америкалық деректі кино фестивалі өтеді

Қыркүйектің 19-ы мен 22-сі аралығында Алматыда американдық деректі фильмдер фестивалі өтеді.

  • 15 Қыркүйек 2011
  • 594
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тың қазақстандағы елшілігі хабарлағандай, деректі фильмдер «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясында көрсетіледі.

Кинофестиваль қонақтарының арасында «Камеры в руках детей» фильмінің режиссері Александру Ротару мен кино ардагері Дайен Карсон келеді.
Американдық деректі фильмдер фестивалі барысында түрлі жүлделер мен наградаларға ие болған қазіргі заманғы фильмдер көрермендер назарына ұсынылады. Бұл фильмдерде арқау болған американ қоғамы тәуелсіз документалистердің көзқарасы тұрғысынан түсірілген. Аталған деректі фильмдер қоғамдағы көптеген өзекті проблемаларды көтереді.
АҚШ елшілігі «Бұл жерде біз тұрып жатырмыз», «Америкадағы ең қауіпті адам», «Көзбен көргенге сен», «Мұқабадағы сұлу», «Нигер 66» атты фильмдерін ұсынады.

Перейти к новостям спорта