Алматыда ән байқауына қатысқан Ахметжан Есімов тағы таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  ән байқауына қатысқан  Ахметжан Есімов тағы таңғалдырды

Алматыда ән байқауына қатысқан Ахметжан Есімов тағы таңғалдырды

Алматыда өнерімен дүйім елді таңдай қақтырған таланттардың тартысы өтті. Осымен үшінші жыл қатырынан ұйымдастырылған «Күміс көмей, жез таңдай» ән байқауына қатысуға тілек білдіргендердің санында шектеу болмаған. Бірақ марапаттау шарасына жүзден жүйріктері ғана жетіп, бағалы сыйлықтар қанжығалады. Соңғы уақытта өз өнерінде тартынбай ортаға салып жүрген қала әкімі Ахметжан Есімов те сахнадан тек кетпеді.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 350
Фото - Caravan.kz

Қазақтың құлағына сіңісті болған Бозторғай  дәл осылай шырқалды. Қазақтың ән өнеріндегі маржанын қазіргі қалыпқа түсірді деп талапты жасты сөкпеді ешкім. Жалпы «Күміс көмей, жез таңдайдың» үшінші жылғы байқауы тым тартысты өтті. Өңшең талантты жастар екі топқа бөлінген екен. Бірі эстрадалық жанрда, екіншілері дәстүрлі бағытты ұстанған. Бас жүлделерді таратқан қала әкімі өнердің өмірмен бірге жасасуы керектігін айтты.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-Қазір заман орнында тұрмайды өзгерістер болып жатыр. Сондықтан да біздің халқымыздың әндерін жаңаша орындаған ол жастарға ұнайды. Ол да дұрыс деп ойлаймын. Бір жағынан олар сол күйінше орындалу керек, бір жағынан дамып өзгеру керек деп те ойлаймын.

Орайы келгенде орынды айтсақ, Алматыда өткен өнер кештерінен қалмай өз талантын танытып жүрген Ахметжан Смағұлұлы бұл күні де сахнадан тек кетпеді. Күйсандықпен сүйемелдеді, әнді атынан ат үркетін Әлібек Дінішов шырқады.

Ал шын жүйректердің тізімі былай болды, домбырамен ән салудан бас жүлдені Тахзия Сәулежан еншіледі. Ал эстрадалық орындауда алдына қара салмаған Айсана Ғабидоллаева. Қос жеңімпазға да 1 миллион теңгеден сыйақы тарту етілді. Ал басты жүлделердің бірін қанжығасына байлаған қазақтың қазіргі оза шапқан таланты Шахризат бұл байқауда ұтудың қиынға түскенін айтады. Өйткені қатысушылардың барлығы сен тұр мен атайын деген мықтылар.


Шахризат Сейдахмет, байқау жүлдегері:

-Психологиялық тұрғыда қиындау болды. Өйткені үлкен жобадан соң осындай жарысқа қатысып жүлдесіз қайтатын болсам ол да біраз ауыр тиюі мүмкін еді. Бірақ таудай талабың болғанша бармақтай бағың болсын дейді. Бағымыз жанып жүлделі оралдық.

Тек жанды дауыста ән шырқалған кеш қазақ әуенінің ертеңі талассыз жарқын екенін паш етті жиналған жұртқа. Қалың бұқараның құлақ етін жеген фонограмма деген құдіреттің де сахнадан тайқитын кезеңі келді демек. Бүгінгі сайысты 200 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін сыйақы алған өнерпаздар енді бұл қаражаттарын өнерін дамытып жаңа әндер жазуға жұмсамақ.