Алматыда «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді

Алматыда «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді

Алматыда 7 қараша Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі түрде жыл сайын өткізетін бұл шарасы биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

  • 3 Қараша 2011
  • 964
Фото - Caravan.kz

Мақсат — мемлекеттік тілді дамыту; жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, рухани және жеке кемелденуіне жәрдемдесу; заманауи қыздар мен жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін дамыту; жастардың арасында салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау.

«Байқауға қатысуға 700-ге жуық бозбала мен бойжеткен өтініш білдірген еді. Онда қатысушылардың интеллектуалды өресі, өнері, білімі сараланып, екінші кезеңде 90, үшінші кезеңде 26-сы іріктеліп алынды. Бұл байқау барысында арулар өз қолдарымен ұлттық тағамдарды дайындап, жәрмеңке өткізді. Одан жиналған қаражатқа жетім балалар үйіне қамқорлық іс-шараларын жасады. Ал жігіттердің тек спорттық қабілеті («асық-ойнау», қол күрес және т.б.) ғана емес, қоғамдық, үгіт-насихат және адамдармен қарым-қатынасы бағаланды. Енді 13 факультеттен үздік шыққан 13 бойжеткен мен 13 бозбала 4 аталым бойынша өз бақтарын сынайды», — дейді оқу орнының жұртшылықпен байланыс бөлімінің қызметкері Саягүл Әлімбекова. Оның айтуынша, ақтық сынға қатысатындар театрға барып мәдени қоғамық өмірдегі әдебі, мінез-құлқы және өзін-өзі ұстауы бағаланды. Соңғы сында олар — сәлемдесу, сұрақ-жауап сайысы, өнер сайысы және сән үлгілерін көрсету бойынша өнер жарыстырады.

Перейти к новостям спорта