Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"17 шілдеде күндіз Алматыда 33-35 градус ыстық болады. Дауыл ықтималдылығы — 90-95 пайыз", — делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік бойынша келесі негізгі шараларды орындауды ұсынады:
— Күн сәулесі түсетін жерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, 12:00-ден 16:00-ге дейін күн сәулесі өте белсенді. Дененің барлық бөлігін күннің тікелей сәулесінен қорғаған жөн — жабық киім киіп, күнге қарсы крем қолданыңыз;
— Алкоголь ішпеңіз, ыстықта оның ағзаға әсері бірнеше есе артады, сонымен қатар организм жоғары температураға сезімтал болады;
— Мүмкіндігінше сұйықтық (салқындатылған су, минералды су) жиі ішіңіз;
— Физикалық жүктемелерді азайтыңыз. Аптап кезінде жүктемелер жылу алмасуды арттырады, бұл дененің сусыздануына әкелуі мүмкін;
— Мүмкіндігінше, автомобильмен ұзақ жүрмеу керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда абай болыңыз, өйткені ыстық кезінде денсаулығыңыз нашарлап, көңіліңіз бөлініп, реакция азаяды;
— Балаларды көлікте аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Аптап жағдайында бала есінен тануы мүмкін;
— Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төніп тұрса, 112, 101 жедел телефон нөміріне қоңырау шалыңыз (ақысыз).