Жарияланды: 50

Алматыда аптап болады: ескерту жарияланды

Алматыда аптап болады: ескерту жарияланды

Алматыда аптапқа байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"17 шілдеде күндіз Алматыда 33-35 градус ыстық болады. Дауыл ықтималдылығы - 90-95 пайыз", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік бойынша келесі негізгі шараларды орындауды ұсынады:

- Күн сәулесі түсетін жерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, 12:00-ден 16:00-ге дейін күн сәулесі өте белсенді. Дененің барлық бөлігін күннің тікелей сәулесінен қорғаған жөн - жабық киім киіп, күнге қарсы крем қолданыңыз;

- Алкоголь ішпеңіз, ыстықта оның ағзаға әсері бірнеше есе артады, сонымен қатар организм жоғары температураға сезімтал болады;

- Мүмкіндігінше сұйықтық (салқындатылған су, минералды су) жиі ішіңіз;

- Физикалық жүктемелерді азайтыңыз. Аптап кезінде жүктемелер жылу алмасуды арттырады, бұл дененің сусыздануына әкелуі мүмкін;

- Мүмкіндігінше, автомобильмен ұзақ жүрмеу керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда абай болыңыз, өйткені ыстық кезінде денсаулығыңыз нашарлап, көңіліңіз бөлініп, реакция азаяды;

- Балаларды көлікте аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Аптап жағдайында бала есінен тануы мүмкін;

- Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төніп тұрса, 112, 101 жедел телефон нөміріне қоңырау шалыңыз (ақысыз). 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін