Алматыда Ақ Азиада алауын қорғаушыларды іріктеудің соңғы кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ақ Азиада алауын қорғаушыларды іріктеудің соңғы кезеңі аяқталды

Алматыда Ақ Азиада алауын қорғаушыларды іріктеудің соңғы кезеңі аяқталды

Бүгін Алматыдағы «Таулы күн» сауықтыру кешенінде 7-ші қысқы Азия ойындары алауын қорғаушыларды іріктеудің соңғы кезеңі болып өтті.

  • 19 Қазан 2010
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл кезеңде үміткерлер жұдырықтасу мен 6 шақырымға жүгіру бойынша сынға түсті. Сондай-ақ олардың әр түрлі күн райларындағы қабілеттіліктері де тексеруден өткізілді.

«Алаудың 12 қорғаушысы қаңтардың 11-30-ы аралығында өз жұмыстарын ұқыпты атқарулары тиіс. Бүгін бұл жерге 34 үміткер жиналды. Олардың ішінен 16-сы іріктеледі. Ал додаға бір апта уақыт қалғанда 12-і түпкілікті алауды қорғаушы таңдалатын болады. Қалған төртеуі қосалқы құрам ретінде алынады», деді эстафета дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров.
Байқау қыркүйек айының 24-інде басталған болатын. Оған қоғамдық күзет қызметтері мен компанияларының штаттағы қызметкерлері қатысуда. Байқаудың өткізілуі үшін қатаң талаптар қойылды: қатысушылардың бойы 180 см-ден кем болмауы және патриоттығы мен өзінің маңызы жоғары істі атқарып отырғанын түсінулері керек. Ал ойын соңында қорғаушылардың әрқайсысына 150 мың теңге көлемінде еңбекақы беріледі.
Қазанның 22-сі күні Астанада Азия ойындарының алауы таныстырылатын болады. Алау «Мұзды алау» бағында жанып тұрады және онда да қатаң бақылауда болады.
«Біз қазір еліміздің жетекші банктерінің бірімен келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Ол бойынша, алау елімізді аралау кезінде түнгі уақыттарда банктерде біздің қорғаушылардың қарауымен сақталады», дейді Н. Нұров.
Алаудың Алматылық жүру жолы нақты бекітілмеген. Әзірге таудағы трамплиннен басталып, қаланың ірі ескерткіштері арқылы Абай даңғылындағы Балуан Шолақ спорт сарайының алдына барып тоқтайды деп күтілуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера