Жарияланды: 700

Алматыда Ә.Қастеев атындағы мұражай директорының орынбасарын өлтірген күдіктілер ұсталды

Алматы. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Ә.Қастеев атындағы мұражай директорының орынбасарын өлтірген төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-дегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

ІІД-нің криминалдық полициясы мен Алатау АІІБ қызметкерлері Ә.Қастеев атындағы мұражай директорының орынбасарын өлтірген төрт күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ақпарат көзі. Қатты соққы белгілерімен жәбірленушінің мәйіті ағымдағы жылдың 29 тамызында оған тиесілі "Тоуоtа Саmri" көлігінің жүксалғышынан табылған болатын. Күдіктілер ретінде 28 жастағы ШҚО тұрғыны, 26 жастағы Алматы тұрғыны мен Алматы облысының 25 және 20 жастағы тұрғындары ұсталды. Олардың айтуынша, жәбірленушімен бұрын таныс болған және онымен ақшаға байланысты жаңжалдасып қалған. Төбелес барысында оны соққыға жығып, жүксалғышқа салып тастаған, соның салдарынан ол ауаның жеткіліксіздігінен тұншығып өлген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін