Алматыда ақпан айының басында ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ақпан айының басында ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің отырысы өтеді

Алматыда ақпан айының басында ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің отырысы өтеді

2005-жылдың 4-ақпанында Алматыда ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің үкімет басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі отырысы өтеді. Онда Достастық елдерінің интеграциялық ықпалдастығына қатысты кейбір мәселелер әңгіме өзегіне айналмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 350
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, отырысқа қатысушылар өзара инвестицияны ынталандыру және қорғау, ЕурАзЭҚ елдерінің отын-энергетикалық балансын бірлесіп жобалау, шекаралық мекемелердің өзара ықпалдастығы туралы келісімдердің жобасын саралайды. Сонымен бірге ЕурАзЭҚ елдерінің үшінші елдерге қатысты сауда-саттық режимдерін біріздендіру мәселесі де талқыланады деп күтілуде.

Сонымен бірге отырысқа қатысушылар Достастық мемлекеттері арасында электр қуатын жалғастыру шарттары туралы, азаматтардың өзара визасыз қатынау мүмкіндігі туралы, ЕурАзЭҚ аясындағы мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру үшін арнаулы қор құру және оның қаржысын пайдалану тәртіптері туралы да ой бөліседі.
Достастықтың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған қоса «ЕурАзЭҚ елдерінің агроөнеркәсіптік саясаты тұжырымдамасының жобасы мен басқа да бірқатар құжаттар қаралады».
Отырысқа ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота қатысады.
ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.
Интеграциялық комитет- Қоғамдастықтың тұрақты жұмыс істеуші органы болып табылады. Комитет құрамына еуразиялық «бестікке» қамтылатын елдердің үкімет басшыларының орынбасарлары кіреді. Интеграциялық комитет ЕурАзЭҚ органдарының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету, одаққа мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары құрамына кіретін Қоғамдастықтың жоғары органы — Мемлекетаралық кеңес отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу міндеттерін атқарады. Интеграциялық комитет ЕурАзЭҚ бюджетін қалыптастыру мәселесі бойынша ұсыныстар дайындап, оның орындалуын қадағалайды. Сондай-ақ, мемлекетаралық кеңес тарапынан қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуына бақылау қою да комитет функциясына жатады.

Перейти к новостям спорта