Фестиваль шеңберінде кинематографистердің соңғы 15 жылда түсірілген кинолары көрсетіледі, делінген Жапония елшілігінің Алматыдағы бөлімінен таралған хабарламада.
«Кинофестивальдің мақсаты -заманауи жапондық киноның әр қырлы екендігін көрсету, онда бүкіл әлемге әйгілі аниме киносынан бастап мазмұны терең драмалық картиналарға дейін көрсетілмек», делінген хабарламада.
Фестивальді ашу рәсіміне Қазақстандағы Жапония елшісі Харада Юдзо, Жапония елшілігінің Алматыдағы бөлімінің жетекшісі Катамото Масахиро және басқалары қатысады.