Алматыда ақша айырбас қосынына жасалған шабуыл ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ақша айырбас қосынына жасалған шабуыл ашылды

Алматыда ақша айырбас қосынына жасалған шабуыл ашылды

Алматы полициясы ақша айырбас қосынына жасалған қарулы шабуылды ашты, деп қалалық ІІД баспасөз қызметінен сәрсенбі күні хабарлады.

  • 22 Маусым 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Шабуылдаушылар аса дөрекілікпен әрекет еткен. Олар бірнеше күн ақша айырбас қосынына бақылау жүргізіп, онда күзетшінің жоқтығын және ақша айырбас қосыны мен компьютерлік клуб арасын жалғайтын қызмет есігінің барлығын білген. Сол күні қарақшылар компьютер клубының клиенттері сияқты болып, жапсарлас бөлменің ішінде отырып, сәті түскенде әзірге табылмаған тапаншамен кассирді және компьютер клубының әкімшісін қорқытып шабуылға кіріскен. Оларды байлап тастап, сол күні түскен ақшаны алып тайып тұрған», — деп Түрксіб аудандық ІІБ бастық орынбасары Тимур Өсекбаев мәлім етті.

Оның айтуынша бір ай шамасы бұрын Алматының Түрксіб ауданында жасалған қылмыста Т5 млн ұрланған.

Қылмыс тапа-тал түсте жасалғанына қарамай, оқиғаның куәлары жоқ болып шықты. Тергеушілер оперативтік тәсілмен күдіктілердің үшеуін де бірнеше күн дегенде есептеп шығарды. Ал одан бірнеше күн өткенде, күдіктілердің біреуі қамауға алынған.

«23 жасар О. деген азаматты біз Қапшағайдағы саяжай массивінде қолға түсірдік. Ол мұқият тығылған екен. Қазір қылмыскерлердің басқаларының қайда екендігі белгілі. Оларды қамауға алу — уақыт ісі. Күдіктілердің барлығы Алматы облысының Қаратал ауданының тұрғындары. Алматыда ақша табу үшін келген. Еш жерде жұмыс істемейді. Олардың осылай қаңғып бос жүргенін ескеріп, біз олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатырмыз», — деді Т. Өсекбаев.

Соңғы жаңалықтар