Алматыда АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің делегациясы Орталық Азияда есірткіге қарсы күресу мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің делегациясы Орталық Азияда есірткіге қарсы күресу мәселелерін талқылайды

Алматыда АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің делегациясы Орталық Азияда есірткіге қарсы күресу мәселелерін талқылайды

Мемлекеттік хатшының есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдардың сақталуы мәселелері жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилд басқарған АҚШ мемлекеттік департаментінің делегациясы келесі аптада Алматыға келеді.

  • 24 Маусым 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

28-маусымда америкалық делегация Есірткі заттарының және психотропты заттар мен прекусорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орталықтың (ЦАРИКЦ) басшылығымен кездесу өткізеді, деп хабарлады жұмада ЦАРИКЦ-тің баспасөз қызметінен.

«Сапардың басты мақсаты -АҚШ Орталық Азиялық аймақта есірткіге қарсы күрес мәселелеріне қосымша назар аудармақ ниетте және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы бастамаларды талқыламақ», деп атап өтілген хабарламада.
ЦАРИКЦ-ке қатысушы елдер қатарында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан бар. Онда Австрия, Ауғанстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Пәкстан, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Интерпол және SECI орталығы бақылаушы мәртебесіне ие.

Соңғы жаңалықтар