Алматыда ақылы автотұрақ талаптары күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ақылы автотұрақ талаптары күшейтілді

Алматыда ақылы автотұрақ талаптары күшейтілді

Алматыда автотұрақ талаптары күшейтілді. Келесі айдан бастап көлігін тұраққа қойғаны үшін ақша төлемеген жүргізушілерге айыппұл салына бастайды. Талай айғай-шуға себеп болған автотұрақ мәселесін қала билігі осындай жолмен шешпекші екен. Қазір Алматының негізгі деген 77 көшесінде ақылы тұрақ жүйесі енгізілуде. Алайда, енді ғана іске қосылып жатқан жүйенің алғашқы ақаулары да көріне бастаған.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz

Серікжан Мұзбалақов жаңа автотұрақ жүйесінің қызметіне риза емес. Мәнісі мынау. Бірнеше күн бұрын ақылы автотұраққа қарыз болған 400 теңгесін инспекторлардың біреуіне төлеген. Түбіртегін де алған. Алайда, ертеңіне сол қарызы қайтадан алдынан шығыпты. 

Серікжан Мұзбұлақов:

Айыппұлын төлегенімді айтып, түбіртегін көрсетсем, сенбейді. «Әуелі барып төлеп кел» деп қояр емес. Мән-жайды білейін деп көрсетілген нөмірлерге телефон соқсам, көтермейді. Енді мен кеше тұраққа ақша төлей алмадым. Бүгін де төлегем жоқ. Демек, тағы 200 теңге айыппұл қосылғаны ғой?

Жалпы, Алматы әкімдігі қаладағы көлік тұрағы қызметін заңдастырамыз деп сонау 2013 жылдан бері шабылып жүр. Бірақ, нәтиже шығара алар емес. Екі жыл бұрын орнатқан паркоматтары құр ысырап болып қалды. Ал осы күні мына жүйені іске қосып отыр.

— Я уже зафиксировал, первый чек на лабовую стекло, клиент там приходит например, через какое-то время, я вытаскиваю второй чек, он оплачивает по второму чеку.

Жүргізуші ақшасын төлемесе, екі аптаның ішінде қарызын өтеуі тиіс. Егер мерзімін де өткізіп алса, 6 мың теңге шамасында айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде екінші қайтара төлемесе, 10 мың теңге айыппұл арқалайды. Ал Серікжан Мұзбалақовтың жағдайына қатысты мобильді паркинг өкілдері олқылықтарын мойындамай отыр.


Диас Қалмағамбетов, ақылы автотұрақ жобасының менеджері:

— Бұндай жағдай 100 пайыз, бұндай қателік болуы мүмкін емес. Сбой жағынан 100-ден бірі болуы мүмкін. Болды. Ал, төлеп тұрып, егер де біздің парковочный инспектор төленді деген чек шығарып берсе, ондай қателіктер болуы мүмкін емес.

Сондықтан, жүргізуші кінәні өзінен іздеуі керек дейді. Яғни, төленбей қалған тағы бір қарыздары болуы мүмкін. Ал ақысын төлегенін дәлелдей алмай жүрген Серікжан Мұзбалақов бұл мәселені енді қалайда қыркүйектің ішінде шешіп алуы керек. Әйтпесе, айыппұлдың әуресіне қалмақ.

Соңғы жаңалықтар