Алматыда "Ақжол" саяси партиясының III сьезінің қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Ақжол" саяси партиясының III сьезінің қорытындысы шығарылды

Алматыда "Ақжол" саяси партиясының III сьезінің қорытындысы шығарылды

Алматыда "Ақжол" саяси партиясының III сьезінің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы бүгін, 12-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Ақжол" саяси партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 442
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, құрылтай аясында партия тарапынан ұсынылып отырған саяси реформалардың бағдарламасы бекітілді. Құрылтайға қатысушылар еліміздегі барлық саяси партияларды «Жаңа заң-Жаңа сайлау комиссиялары- Әділетті сайлаулар» атты жалпыұлттық акцияға бірігуге шақырды. Шараның мақсаты — саяси партиялардың күш-жігерін жаңа сайлау заңнамаларын тез арада қарап қабылдауға жұмылдыру болып табылады. Бұл орайда заңнамаларда саяси партиялардың, қоғамды демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңестің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ұсыныстары ескерілуі тиіс. Партия Қазақстанды ТМД-ға қатысушы елдердің демократиялық сайлаулар, сайлау құқығы мен еркіндігі жөніндегі стандарты туралы Конвенцияға біріктіруге бастама көтермекші.

Құрылтай барысында партияны басқару құрылымына өзгерту енгізілді. Атап айтсақ, партияның тең төрағаларының саны 3-тен 5-ке дейін арттырылды. Партияның тең төрағаларының қатарына Ресейдегі бұрынғы Қазақстан елшісі А.Сәрсенбаев пен партияның тең құрылтайшысы Людмила Жуланова қосылды. Партияның саяси атқарушы комитеті құрылды. Оны басқарушы ретінде Ә.Бәйменов сайланса, Орталық кеңес төралқасының төрағасы болып Болат Әбілов сайланды.

Соңғы жаңалықтар