Алматыда ардагер волейболшылар арасында халықаралық турнир өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ардагер волейболшылар арасында халықаралық турнир өтіп жатыр

Алматыда ардагер волейболшылар арасында халықаралық турнир өтіп жатыр

Бүгін Алматыда волейболдан ардагерлер арасындағы халықаралық турнирдің ақтық ойындары өтіп жатыр.

  • 11 Наурыз 2012
  • 482
Фото - Caravan.kz

Жарыс көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналды. Екі күндік жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 51 жастан жоғары спортшылардан құрылған 12 команда қатысуда. Онда жеребе бойынша «Алмалы-1», «ҚазҰАУ-2», «Ақтау», «Талдықорған», «Тәшкент» (Өзбекстан) және «Байқоңыр» (Ресей) командалары бірінші топта өнер көрсетуде. Ал екінші топта қазақстандық «ҚазҰАУ-1», «Ардагер», «Жетісу», «Алмалы — 2», «Казахфильм», «Өскемен» командалары бақ сынауда. Ойындарға КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жәнібек

Сауранбаев бастаған қазылар алқасы төрелік етіп жатыр. Байрақты бәсекенің жеңімпазы 1 миллион теңге, финалист 500 мың, үшінші орын алған команда 300 мың, ал төртінші орынға табан тіреген топ 100 мың теңге жүлде алады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера