Конгреске еліміздің түкпір-түкпірінен 500-дей өкіл жиналды.
Республикалық «Отан» саяси партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев конгреске қатысушыларға сәлем бере сөз сөйледі. Ол Республикалық «Отан» саяси партиясы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері мен зейнеткерлерге көрсетілетін дәрігерлік қызметтің сапасын жақсартуға күш салып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, «Отан» үкіметтің алдына ардагерлерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды өтеп беруге бағытталған арнайы ақшалай жәрдемақы тағайындау туралы мәселе қойып отыр. Сондай-ақ, А.Ермегияевтың айтуынша, Республикалық «Отан» саяси партиясының мамандары «Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбекшілерін әлеуметтік қолдау туралы» заң жобасын жасаған. Заңда ардагерлерді коммуналдық төлемдерден біржола босату, жыл сайынғы Жеңіс күніне орай әр ардагерге бір мәрте жәрдемақы беру қарастырылған.
Ардагерлердің бірінші конгрессінің жұмысы нәтижесінде Республика үкіметіне «ҚР ардагерлер туралы» заңын жүзеге асыруға қатысты ұсыныстары бар мәлімдеме жолданды.
Журналистерге берген сұхбатында А.Ермегияевтың атап көрсетуінше, «Қазақстан Республикасының ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі» — еліміздегі ең бір берекелі әрі беделді, қатары мол ұйымдардың бірі, және партия осы ұйыммен тізе қосып «ҚР ардагерлер туралы» заңын түбегейлі жүзеге асырмақшы».