Алматыда арнайы операция кезінде ҰҚКД-нің қызметкері жараланып, шабуылшылардың бірі қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда арнайы операция кезінде ҰҚКД-нің қызметкері жараланып, шабуылшылардың бірі қаза тапты

Алматыда арнайы операция кезінде ҰҚКД-нің қызметкері жараланып, шабуылшылардың бірі қаза тапты

Қаладағы бір кәсіпорынның кассасына жасалуы тиіс қарулы қарақшылық шабуылдың алдын алуға бағытталған арнаулы операцияны жүзеге асыру барысында ҰҚКД-нің арнаулы бөлімінің қызметкеріне оқ тиді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 433
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, департамент қызметкерлеріне көтерме және бөлшек саудамен айналысатын коммерциялық кәсіпорынға қарақшылық шабуыл жасалғалы жатқаны туралы ақпарат белгілі болған. Қылмыстық топты залалсыздандыру шарасына ҚР ҰҚК Алматы қалалық департаментінің арнаулы бөлімі жұмылдырылды.

Қолға түсіру шарасы кезінде топ мүшелері арнаулы бөлімге қарулы қарсылық көрсетіп, автокөлікпен қашып кетпек болған. Қылмыскерлер отырған автокөлікті қоршауға алу барысында арнулы бөлімшенің бір жауынгері жараланды. Осыдан кейін шабуылшыларға қарсы табельдік қару қолдану туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, операция барысында қылмыскерлердің бірі оққа ұшып, топ жетекшісі оқиға орнында қолға түсті.
Қылмыстық топ мүшелерінің қолынан үш тапанша, соның ішінде дыбыс тұншықтырғышы бар бір тапанша мен оның оқтары тәркіленді. Сондай-ақ, есік пен құлып бұзуға арналған басқа да қылмыс құралдары, арқан саты мен бетперде-бас киімдер тәркіленді.
Аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар