Алматыда әртүрлі ұйымдар мен мекеме өкілдерінің қатысуымен Қазақстан терапевтерінің 4-сьезі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әртүрлі ұйымдар мен мекеме өкілдерінің қатысуымен Қазақстан терапевтерінің 4-сьезі өтеді

Алматыда әртүрлі ұйымдар мен мекеме өкілдерінің қатысуымен Қазақстан терапевтерінің 4-сьезі өтеді

23-24-қазанда алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жөніндегі Алматы декларациясының 25-жылдығына арналған Қазақстан терапевтерінің 4-сьезі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қазан 2003
  • 434
Фото - Caravan.kz

Құрылтайға ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Йонг Вук Ли, ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары Кул Гаутам, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының директоры Марк Данзон, ЮСАИД ұйымының Орталық Азия жөніндегі директоры Д. Дейкан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының елдерді қолдау жөніндегі департаментінің директоры Ната Менабде қатарлы адамдар қатысады.

Сондай-ақ, бұл жиынға денсаулық сақтау және қаржы министрлері, тазалық-індет қызметінің өкілдері, әлемнің 20-ға жуық елінің ғалымдары қатысады. Дәрігерлер мен қоғамдық денсаулық сақтау саласының осынау алқалы жиынына 400-ден астам дәрігерлер мен медицина қызметкерлері шақырылған.
1978-жылдың қыркүйек айында Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жөніндегі конференциясы өткен. Бас қосудың қорытындысы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жөніндегі Алматы декларациясы қабылданып, ол әлемнің көптеген елдерінде ұлттық денсаулық сақтау стратегиясының жобасын жасауға негіз етіп алынды. Конференцияда су қамтамасыздығы мен санитария деңгейіне, тағамға, білім деңгейі мен жалпы халықтың әл-ахуалына баса назар аудару, аталмыш тауқыметтерді шешуге жергілікті құрылымдарды жұмылдырып, оларға өкілеттілік пен жауапкершілік жүктеу жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар