Алматыда аса жұқпалы індеттер мен беймәлім өкпе қабыну дертіне байланысты республикалық семинар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аса жұқпалы індеттер мен беймәлім өкпе қабыну дертіне байланысты республикалық семинар басталды

Алматыда аса жұқпалы індеттер мен беймәлім өкпе қабыну дертіне байланысты республикалық семинар басталды

Бүгін, 4-қыркүйекте Алматыда аса жұқпалы індеттер мен беймәлім өкпе қабыну дертіне байланысты республикалық семинар басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 718
Фото - Caravan.kz

Семинарға еліміз аймақтарындағы тазалық-індет қызметінің мамандары мен басшылары, сондай-ақ, төтенше жұқпалы індеттерді зерттеумен айналысатын еліміздің жетекші ғалымдары қатысуда.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бүгінгі таңда елімізде адамдардың айрықша жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейіне қатысты күрделі эпидемиологиялық ахуал сақталып отыр. Айталық, 2003-жыл ішінде елімізде адамдардың обаға, күйдіргіге, қырым қанды безгегіне және туляремия дертіне шалдығу оқиғалары тіркелді.
Атап айтсақ, обаның табиғи ошақ аймағы болып саналатын Маңғыстау және Қызылорда облыстарында аталмыш қатерлі жұқпалы дертке шалдығу оқиғасы 4 мәрте тіркелді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргімен ауыру оқиғасы белең алып, соның салдарынан 3 адам зардап шекті. Қазақстанның 5 облысында 343 адам бруцеллез дертіне шалдықты. Сондай-ақ, қырым қанды безгегін жұқтыру оқиғасы 6 мәрте тіркелді.

Соңғы жаңалықтар