Алматыда ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

Алматыда ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

Алматыда Наурызбай мен Қабанбай көшелерінің қиылысындағы, бұрынғы НКВД ғимараты алдындағы саябақта 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбан

  • 31 Мамыр 2017
  • 924
Фото - Caravan.kz

Алматыда Наурызбай мен Қабанбай көшелерінің қиылысындағы, бұрынғы НКВД ғимараты алдындағы саябақта 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуы 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болды, деп хабарлады Азатттық радиосы.

Әкімдік ұйымдастырған шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар, ақын-жазушылар, құрбандардың ұрпақтары жиналды.

Ескерткіште қолына арып-ашып, өлімші халге жеткен баласын көтеріп тұрған, басы төмен салбыраған ана мен талқандалған қазан-ошақ бейнеленген.

Тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжанов Азаттыққа берген сұхбатында 20 ғасырда қазақ халқы үшін үлкен үш нәубет — ашаршылық, саяси қуғын-сүргін және Ұлы отан соғысы болғанын, соның бірі — ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылғанын айтты.

Әбжанов Азаттық тілшісінің "Ескерткіш не себепті тек 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың құрбандарына орнатылған. 1921-1922 жылғы ашаршылық құрбандарына да да неге арналмаған?" деген сұрағына 1921-1922 жылғы ашаршылық пен 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты салыстыруға болмайтынын айтты.


— 1921-1922 жылғы ашаршылықты зерттеу керек. 1931-1933-ке қойғаны үлкен шаруаның басы. 1921-жылғы ашаршылық құрбандарына да, 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына да ескерткіш қойылады. Екеуі бірдей болады деп ешкім уәде беріп, мойнына алған жоқ. Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш те ашылады. Ең бастысы — тәуелсіздік алдық, мұндай болады деп 74 жылда түсімізге де кірген жоқ. Осыған да тәуба деу керек, — деді Әбжанов.