Алматыда ашық аспан астында V музыкалық фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ашық аспан астында V музыкалық фестиваль өтеді

Алматыда ашық аспан астында V музыкалық фестиваль өтеді

Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында 9-11 қыркүйекте Қала күніне арналған V музыка фестивалі - оркестрлер шеруі өтеді,

  • 22 Тамыз 2014
  • 424
Фото - Caravan.kz


  деп хабарлады қаланың Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен.

Оркестрлер шеруі Александр Беляковтың жетекшілігімен эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындауындағы белгілі классикалық туындырлармен ашылады. Кештің арнайы қонағы «КВАТРО» тобының солистері болмақ.

10 қыркүйекте Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отрар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі Абай мен Н.Тілендиевтің белгілі туындыларын орындайды. Сонымен бірге қонақтар әлемдік классиктер — Бизе, Григ, Верди, Хачатурянның шығармаларына тәнті болады. Шараның жабылу күнінде Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі әлемдік мюзикл композицияларын орындайды. Фестиваль жаңа жазғы «SHABYT» амфитеатрында өтеді.

Перейти к новостям спорта